"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
"Тұғырдан түлеп ұшқан жас қырандар аттанып барады өмір көктеміне" атты 11 а класының мерекелік кеші өтті 3-мамыр 2022 жыл

03.05.2022ж. күні мектеп бітіруші 11-класс түлектеріне арналған ерекше жоба "11-класс күндері" аясында мектебіміздің 11"А" класс оқушыларының ұйымдастыруымен "Тұғырдан түлеп ұшқан жас қырандар аттанып барады өмір көктеміне" атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кеш барысында мектеп бітірушілер барша көрермендерді өз өнерлерімен тәнті етті. Ерекше өлеңдер оқылды, әсем ән де айтылды, әдемі би де биленді. Оқушылар 11 жыл бойы өздерін білім нәрімен сусындатып,  әрі тәрбиелеп келген мектептеріне деген жүрекжарды тілектерін аямады. Кеш өте қызықты өтті.
Класс жетекшісі: Абдижапарова Лиза.