"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
"Ұшырса ұямыз, қалайша қиямыз" атты 11 ә класының мерекелік кеші өтті 4-сәуір 2022 жыл

04.05.2022ж. күні мектеп бітіруші 11-класс түлектеріне арналған ерекше жоба "11-класс күндері" аясында мектебіміздің 11"Ә" класс оқушыларының ұйымдастыруымен "Ұшырса ұямыз, қалайша қиямыз" атты мерекелік кеш өтті. 

Бүгінгі кеш ғажайып тосынсыйларға толы болды. Кештің ерекшелігі - барлық қойылымдар, әндер, билер, барлығы ретро тақырыбында өтті.

Мерекелік кеш барысында білімалушылар өздерін жаңа қырларынан көрсетті, ретро тақырыбындағы рөлдерді шынайы сомдап, 90шы жылдар атмосферасын барша көрермендерге жеткізе білді. Кеш соңында 11 ә класының ата-аналары №39 ҚОЖББМ ұжымына жүрекжарды тілектерін білдірді.