"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
«Аттандық бала шақтан болашаққа» атты 11 б класының мерекелік кеші өтті 5-мамыр 2022 жыл

05.‪05. 2022ж. күні мектеп бітіруші 11-класс түлектеріне арналған ерекше жоба «11-класс күндері» аясында мектебіміздің 11Б класс оқушыларының ұйымдастыруымен «Аттандық бала шақтан болашаққа» атты мерекелік кеш өтті.

«11-класс күндері» жобасы аясында өткізілген соңғы мерекелік кеш есте қаларлықтай сәттерге толы болды,мұнда әсем ән де, ерекше би де, қызықты қойылым да,  жүрекжарды тілектер де өз жарасымын тауып, көрермендерді  қуаныш пен шаттыққа бөледі.

Кеш соңында #39 ҚОЖББ мектебінің директоры Амитжанова Индира Базаралиевна түлектерге алдағы сынақтарда сәттілік тіледі. Ал 11 Б класы өздерін 11 жыл бойы аялап келген сүйікті мектептеріне, ардақты ұстаздарына алғыстарын осы кешке әдейі арнап жазылған өлең жолдары арқылы білдірді.

Бүгінгі кеште жас түлектердің бойларынан мектепке, ұстаздарына, достарына деген қимастық сезімін көрдік. 

Осындай ерекше көңіл-күй сыйлаған 11 Б класс оқушылары мен олардың класс жетекшілері Жайлыбаева Маржан Сайыновнаға үлкен алғысымызды білдіреміз.