"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
2022 жыл - бала жылына орай «Дәстүр-ғұрып» жобасы аясында «Қазақтың ұлттық ойыны – ұлт қазынасы» атты қалалық сайысы өткізілді 13-мамыр 2022 жыл
13.05.2022ж. күні №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде "Тағылымды тәрбие - бала болашағының іргетасы" атты тәрбие айлығының іс-шаралар жоспары бойынша және 2022 жыл – бала жылына орай «Дәстүр-ғұрып» жобасы аясында, «Қазақтың ұлттық ойыны – ұлт қазынасы» атты қалалық сайысы өткізілді. 
Сайысқа қаламыздың № 1 орта мектебі атынан құралған «Жігіттер» тобы; № 4 орта мектебінен «Мұрагер» тобы; Әль-Фараби атындағы № 21 орта мектеп-гимназиясы атынан «Асыл тас» тобы; № 27 мектеп-лицейі атынан құралған «Ақ барыс» тобы; № 39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі атынан «Тарландар» тобы қатысты.

Сайыста төрелік жасаған әділқазылар алқасы:

1. Қалалық білім бөлімінің әдіскері - Айтбаганбетов Айбек Сагынбаевич;
2. № 24 лингвистикалық-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі - Қанапин Бекзат Оразұлы;
3. Жастар маслихатының депутаты - Анапин Дінмұхаммед.

Сайыс барысында топтар 4-бөлім бойынша өз күштерін сынады:

І бөлім: «Тегімді менің сұрасаң...» өзін-өзі таныстыру, топ атауы, эмблемасы, ұраны;
ІІ бөлім: «Қазақтың салт-дәстүрі» тақырыбында сұрақтарға жауап беру; 
ІІІ бөлім: «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес»  өнер сайысы. 
ІV бөлім: «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз»  әр команда ойыншылары 1 спорт түрінен  сайысты.

Әділқазылар шешімі бойынша:

1-орын - № 4 орта мектебінен «Мұрагер» тобы;

2-орын - №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі;

3-орын - Әль-Фараби атындағы № 21 орта мектеп-гимназиясы атынан «Асыл тас» тобы иеленді.