16.05.2022ж. күні қаламыздағы «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік кешені мен №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің бірлесе ұйымдастыруымен 15-мамыр - отбасы күніне орай «Отбасы - ұлттың тірегі» атты мерекелік кеш өтті.
Іс-шара мақсаты:
- Оқушылардың отбасы құндылығы туралы түсініктерін кеңейту;
- Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын аша отырып, салт-дәстүрді дәріптеу;
Мерекелік кешіміздің арнайы қонақтары ретінде мектебіміздің білімалушыларының ата-аналары болып табылатын, көпбалалы отбасылары - Шотовтар және Айжановтар жанұялары қатысты.
Мерекелік кешті «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік кешенінің менеджері Малайдарова Марта Есіркепқызы құттықтаумен ашып берді.
Кездесу барысында Шотова Эльмира мен Айжанова Марзия ханымдар көрермендерді өз отбасы мүшелерімен таныстырды, оларға бала тәрбиесінің жеке тұлғаның қалыптасуындағы маңыздылығын түсіндірді, оқушылардың түрлі сұрақтарына жауап берді.
Кеш барысында мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, жиналған көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.
Осы мерекелік кешті тамашалаған Новый орта мектебі және №39 ҚОЖББМ оқушылары кеш қонақтарына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ізгі тілектерін білдірді.
Іс-шара соңында кеш қонақтарына алғыс хаттар мен сыйлықтар тарту етілді.
https://aqtobemektep39.edu.kz/t-rbie-derisi/merekelik-sharalar/909-16-05-2022zh-k-ni-alamyzda-y-ana-a-ta-zym-rukhani-adamgershilik-kesheni-men-39-aza-orta-zhalpy-bilim-beru-mektebini-birlese-jymdastyruymen-15-mamyr-otbasy-k-nine-oraj-otbasy-ltty-tiregi-atty-merekelik-kesh-tti.html#sigFreeIdb7326563be