"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
Мектебімізде "Бақытты отбасы" орталығының маманы Г.Б. Қансұлтанова педагогтармен "ОТБАСЫ.ҚОҒАМ.ТҰЛҒА” тақырыбында кездесу өткізді

Мектебімізде "Бақытты отбасы" орталығының маманы Г.Б. Қансұлтанова педагогтармен "ОТБАСЫ.ҚОҒАМ.ТҰЛҒА” тақырыбында кездесу өткізді.

Орталықтың мақсаты: қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) қолдауға және оларға кешенді қызметтер көрсету бойынша жұмыстарды жүзеге асыру.

Орталықтағы психолог, медиатор, заңгер, депутаттар, қоғамдық ұйым белсенділері қабылдап, жұмыс жүргізетінін де түсіндіре кетті.

Дәріс барысында орталықтың қызметі, ондағы қолдау қызметін жүзеге асыратын мамандар туралы толық ақпарат берді, сонымен қатар мұғалімдерден түскен сұрақтар өз жауабын тапты.

Кездесу соңында «Бақытты отбасы» орталығының ақпараттық жадынамасы таратылды.