"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Қараша айының 18-ші жұлдызында Отбасы – Мектеп жобасы аясында «Әкем, анам және мен» отбасылық Толағай эстафеталық сайысы өткізілді.

Қараша айының 18-ші жұлдызында Отбасы – Мектеп жобасы аясында «Әкем, анам және мен» отбасылық Толағай эстафеталық сайысы өткізілді.

 
Сайысқа:
- №4 орта мектебінен Дуржановтар отбасы, 
- №21 ОМГ Оралбай отбасы,
- №27 ОМГ Вахитовтар отбасы, 
- №39 ОМ Құмаровтар отбасы қатысты.
 
Сайыстың мақсаты: 
• Салауатты өмір салтын насихаттау;
• Ата – ана мен мектеп арасындағы қарым – қатынасты нығайту;
• Оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға үйрету.
 
Сайыстың өткізілу шарттары:
• Таныстыру (команда аты, ұраны, төсбелгісі)
• Эстафеталық таяқшамен жүгіру
• «Құралайды көзге атқан» мергендер сайысы
• Үй тапсырмасы (өз өнерін көрсету)
• «Ақылды КЕНГУРУ» математикалық эстафета
• Қос аяқ жарысы
• «Үңгірден өтіп көр» туннельден өту
• Командалық сайыс (арқан тартыс)
 
Сайыс қорытындысы бойынша :
 
І орын №39 ОМ Кумаровтар отбасы
 
ІІ орын №21 ОМГ Оралбай отбасы
 
ІІІ орын иеленіп №4 орта мектебінен Дуржановтар отбасы 
 
Алғыс хат №27 ОМГ Вахитовтар отбасы марапатталды.
 
Сайысқа қатысушы отбасыларға АЛҒЫС білдіреміз!