"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
«Әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылық»

2022 - 2023 оқу жылының 14 - қыркүйек күні мектебімізде Ақтөбе қаласы №2 қалалық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік полиция капитаны мектеп инспекторы Д.Б.Ермағамбетовтың қатысуымен «Әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылық» тақырыбында 7 - 11 класс ер балаларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында мектеп инспекторы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары тарапынан мектептің ішкі тәртібі, жасөспірімдерге қатысты құқықбұзушылық заңдары, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, бопсалау, күш көрсету және кешкі мезгілдегі көшеде жүрмеу жөнінде білім алушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.