"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Түсіндірме жұмыстары

2022 - 2023 оқу жылының 17 - қазан күні мектебімізде полиция капитаны мектеп инспекторы Д.Б.Ермағамбетов 9 - 11 класс білім алушылары арасында жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен келеңсіз жағдайлардың алдын - алу, мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтау, түнгі уақытта көшеде жүрмеу, ұрлық тақырыбында, электронды темекінің зияны жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстары барысында әкімшілік құқықбұзушылық орын алған кезде қолданылатын шараларды да ескертіп айтып өтті. Білім алушылар болса өз тараптарынан түсінбеген сұрақтарын қойып, толық жауаптарын ала білді.