"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
«Жолда жүру ережесін сақтайық!»

2022 - 2023 оқу жылының 9 қараша күні мектеп инспекторы, полиция капитаны Ермағамбетов Дауренбек Барлықұлы мектебіміздің 6 - 9 класс білім алушылары арасында «Жолда жүру ережесін сақтайық!» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмысы барысында жолдан өту кезіндегі қауіпсіздікті сақтау шараларын, бағдаршамның қызметін, жаяу жүргіншілер жолағынан өту кезінде автокөліктердің толық тоқтағанына көз жеткізіп барып өту қажеттігін, жолдан өту барысында ұялы телефон қарамауды және құлаққап арқылы әуен тыңдауға болмайтыны қатаң ескертілді.