"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
Регламент

Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 167 қаулысымен
бекітілді

 

 

 

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

 

  1. Жалпы ережелер
  2. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарымен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). 
    Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
  4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып құжаттарды қабылдау туралы қолхат табылады (еркін нысанда).
    Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
  5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекет тәртібін сипаттау
  6. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші (еркін нысанда) мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іс-әрекет бастау үшін негіздеме болып табылады. 
  7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әректтің) мазмұны және оның орындау ұзақтығы:
    1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығымен бекітілген "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет стандартының 9 тармағына сәйкес келіп түскен құжаттармен танысады, тіркеу жұмыстарын жүргізеді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдайды. 
    Нәтиже: көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;
    2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 5 (бес) минут ішінде құжаттармен танысады және оларды жауапты орындаушыға жолдайды.
    Нәтиже: көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жауапты орындаушыны анықтауы және оған көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын жолдауы;
    3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушы 10 (он) минут ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, құжаттарды қабылдау туралы қолхатты (еркін нысанда) көрсетілетін қызметті алушыға береді.
    Нәтиже: көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушы қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруі;
    4) көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастырады.
  8. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекет тәртібін сипаттау
  9. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
    1) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
    2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
    3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері. 
  10. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін сипаттау. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде құжаттарды қабылдайды, оларды тіркеу жұмыстарын жүргізеді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен 5 (бес) минут ішінде танысады және жауапты орындаушыға жолдайды. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушы 10 (он) минут ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, құжаттарды қабылдау туралы қолхат (еркін нысанда) көрсетілетін қызметті алушыға береді. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке, тегін оқытуды ұйымдастырады.
  11. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттері реттілігінің нақты сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.