"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
Ғаламтор қауіпсіздігі

«Ғаламтор қауіпсіздігі»жобасы аясында 14- қараша күні ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 14 наурыздағы №37 бұйрығына сәйкес «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасымен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында "Баланы жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу және оны болдырмау. Кибербуллинг" тақырыбында 9- сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Жасөспірім кезеңіндегі кездесетін буллингтің түрлері, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және оның алдын алу жұмысын жүргізу, буллинг туралы ақпаратты кеңейту. Білім алушылар буллинг пен кибербуллинг туралы өз ойларын ортаға салды.
https://www.instagram.com/p/Cz3DZ-NM2q_/?img_index=1 


«Ғаламтор қауіпсіздігі»жобасы аясында қараша айының 16 - сы күні балаларды шығармашылыққа баулуда ата-аналарды бірлескен жұмысқа қатысуын дамыту мақсатында « Менің хоббиім» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған экспонаттар арқылы балалардың қызығушылықтарының ауқымы кең екендігі байқалды. Көрмеге қойылған экспонаттар арасында әлем елдерінің рәміздерін тану, асық жинау, сурет салу, биссермен жұмыс, балық аулау , "Лего" - конструкторлық жұмыс, ас әзірлеу, футболға , каратэге қызығушылықтарына байланысты қойылған экспонаттар ерекшеленді.
https://www.instagram.com/p/CzvP0nFMaP3/?img_index=2 


«Ғаламтор қауіпсіздігі»жобасы аясында 9-10 сынып оқушылары "Оқуға құштар мектеп"жобасымен ұйымдастырылған "Күзде біз жалықпаймыз,кітап оқимыз!"атты іс-шарасында өткізілген "Бір кітап-бір сынып"атты эссе байқауына қатысып, марапатталды.
https://www.instagram.com/p/Czv2nNAMSxR/?img_index=2 


«Ғаламтор қауіпсіздігі»жобасы аясында 3-4 сынып оқушылары күзгі демалыс кезінде бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында "Оқуға құштар мектеп "жобасымен "Күзде біз жалықпаймыз,кітап оқимыз!" атты іс-шарасында "КІМ ЖҮЙРІК" челленджіне қатысып марапатталды.
https://www.instagram.com/p/Czv3ilOssQi/?img_index=2 


"Ғаламтор қауіпсіздігі" жобасы аясында "Интернетсіз бір күн" тақырыбында өткізілген бастауыш сынып оқушылары арасындағы челленджінде белсенділік танытып қатысқаны үшін марапатталды.
https://www.instagram.com/p/Czv3n9qsg-5/ 


2024 жылдың 12 қантар күні қысқы каникул күндері «Біртұтас тәрбие бағдарламасына» сәйкес «Ғаламтор қауіпсіздігі» жобасы аясында «Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері» тақырыбында класс жетекшілер семинары өткізілді. Мақсаты:Интернет ресурстарын қауіпсіз пайдалану мәселесі бойынша класс жетекшілердің білімін арттыру; Класс жетекшілердің қауіпсіздік мәселелері ықтимал және интернет қауіптерінен қорғану жолдары туралы түсініктерін кеңейту; Жасөспірімдерді медиакеңістікте қорғануға үйрету. Семинарда жоғары класс жетекшілері жасөспірімнің интернетті пайдалануының негізгі мәселелерін, салдары мен мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар кибербуллинг туралы әлеуметтік бейнероликті көріп, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мектеп пен ата-аналардың өзара іс-қимылы бойынша ұсыныстар әзірленді.
https://www.instagram.com/p/C2Ae1FfMKls/?img_index=1 


«Ғаламтор қауіпсіздігі»жобасы аясында 22 -ақпан күні Ақтөбе қаласы ІІД қызметкерлері мен білім алушылардың ата-аналары кездесті. Мақсаты: Құқықбұзушылық пен келеңсіз жағдайлардың алдын алу мен оны болдырмау іс-шараларын жүзеге асыру. Кездесу барысында Ақтөбе қаласы полиция басқармасының бірінші орынбасары Мадияр Төлеуұлы Акентай, Ақтөбе қаласы Астана ауданы #2ҚПБ бастығы полиция полковнигі Айбек Маратұлы Ергарин ата-аналарға жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен келеңсіз жағдайлардың алдын алу туралы, жолда жүру қауіпсіздігі оқиғаларының жасөспірімдер арасында орын алуы, сонымен қатар әлеуметтік желілердегі терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар жайында айтты. Ата-аналарға балаларының өмір қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды, арандатушылыққа берілмеуді, телефон алаяқтарынан аулақ болу ларын ескертті.
https://www.instagram.com/p/C3qBpyDMbqG/?img_index=1 


«Ғаламтор қауіпсіздігі»жобасы аясында 6-11 сынып оқушыларына Ақтөбе облыстық ІІД жоспарына сәйкес жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында ҚПБ №2 аға инспекторы Асылбаева Молдир Муратбековнамен кездесу өткізілді. Кездесу барысында жасөспірімдер арасында орын алатын құқықбұзушылық, бопсалау, жыныстық қолсұғылмаушылық, жәбірлену ( буллинг), кибербуллинг туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
https://www.instagram.com/p/C53a147s6fO/?img_index=1 
https://www.instagram.com/p/C56Gs_VsJWb/?img_index=1 


«Ғаламтор қауіпсіздігі»жобасы аясында «Қауіпсіз деп ойлама, интернетпен ойнама» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.
Мақсаты-оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру, интернет желісіндегі әртүрлі блоктармен таныстыру.
9-сәуір күні 8-10 сынып оқушылары арасында «Адам виртуалды кеңістікте» тақырыбы аясында эссе байқауы өткізілді. Оқушылар интернет желісі туралы өз ойларын қаламмен өрнектеді. Байқау кезінде оқушылар өз ойларын нақты дәлелдей білді. Интернет тек қана өз білімін дамытып, социум ортасына бейімделуге әрі болашаққа ұмтылу үшін қажет екенін ескере отырып, оның зиянды және жақсы жақтарын ажыратты.
13-сәуір күні 1-10 сынып оқушылары үшін «Қауіпсіз Интернет» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты барысында оқушылар өз мүмкіншіліктерін түрлі кезеңдерде берілген тапсырмаларды орындай отырып, интернеттің пайдасы мен зияны туралы түсінік қалыптастырды. Берілген сұрақтарға нақты жауап беру жалпы компьютердің адам ағзасына қандай зиян келтіретінін түсінді. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға интернет туралы толық мәліметтер берілді. Интернеттің пайдасы мен зияны туралы әңгіме өрбіді. Оқушылар сынып сағатына белсене атсалысып, мұғалім берген тапсырмаларды орындап жағдаяттарға жауап берді.