22 қаңтар күні мектебіміздің 7-8 класс оқушылары «АНАҒА ТАҒЗЫМ» орталығында ұйымдастырылған мерекелік іс-шараны тамашалап қайтты!
Сонымен қатар 8 «А» класс оқушысы Мұратбаева Мадина жəне 10 «Б» класс оқушысы Жаңбырбаева Жаңылсын мерекелік іс-шарада өз өнерлірін көрсетті!???
Қазақ тілі пәнінен 9"Ә" класында "Отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны" тақырыбында ашық сабақ өтті
Пән мұғалімі Жармуханова Индира Бақтығалиқызы. Білім алушылар сабақта отбасы тәрбиесінің мәнін ұғынып,тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстырды.
«Әлем таныған Абай»тақырыбында Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай мектепшілік көркемсөз байқауы өтті
Мектебімізде апталық жалғасуда жоспар бойынша бүгін "театр күні"
Соған орай мәжіліс залында Шамшиева Алмагүл Шердарқызының жетекшілігімен драма үйірмесінің оқушылары Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнап, Абайдың балалық шағы мен шығармашылыққа бет бұрған кезеңінен бастап өмірінің соңғы күніне дейін суреттелген сахналық көрініске куә болдық.
"Жұрт алдында сөйлеуге дайындық жолдары" тақырыбында пән мұғалімі Мухамбедиярова Жанылсын Ізбасарқызы ашық сабақ өткізді
Ақтөбе Автожол колледжіне мектеп оқушыларына арналған жыл сайынғы өтетін "Ашық есік" күніне қатысты
Мектебіміздің 9 класс оқушылары кәсіптік бағдар беру мақсатында 2020 жылдың 21 қаңтар күні Ақтөбе Автожол колледжіне мектеп оқушыларына арналған жыл сайынғы өтетін "Ашық есік" күніне қатысты.