"Футбол сабағы"
Орта білім беру ұйымдарының 1-11 кластарында дене тәрбиесінің әр үшінші сағатында "Футбол сабағы" сынақтан өтуіне байланысты Қазақстан Футбол Федерациясының ұйымдастыруымен дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған Ұлттық жаттықтырушы бағдарламасының "D" Grassroots Certificate категориясы бойынша біліктілігін арттыру курсын сәтті тәмамдап, маман атанып келген мектебіміздегі дене шынықтыру пәні мұғалімі әрі "Футбол" секциясының жаттықтырушысы Тлеубергенов Арслан Қанатұлын құттықтаймыз!
Оқу-далалық жиын
Ағымдағы жылдың 15-18 мамыр аралығында өткен оқу-далалық жиынында мектебіміздің 10 класс ер балалары жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, үздіктердің қатарынан көрінді.
Ұлы Жеңістің 74 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шараларға мектеп басшысы бастаған ұстаздар мен білім алушыларымыз ат салысты
"Алтын ұя мектебім - жүрегімнің төрінде"
2019 жылдың 8 мамыр күні дәстүрлі "11 класс күндері" жобасы аясында өткен келесі бір керемет шара 11"Ә" класының мектеп бітіруші түлектері ұсынған "Алтын ұя мектебім - жүрегімнің төрінде" атты мерекелік кеші өтті.
Ұлы Отан соғысының тыл ардагерлерінің үйінде
№39 ЖББОМ әкімшілігі мұғалімдер және оқушылармен тағы бір игі бастаманың биігінен көрінді. Ұлы Отан соғысының тыл ардагерлерінің үйіне барып, өз өнерлерін көрсетіп, қазыналы қарияларымыздың ерең ерлік, өлшеусіз естеліктерімен сусындап қайтты.
"11а_tulekter_2k19"
3-мамыр күні мектеп бітіруші 11 класс түлектеріне арналған ерекше жоба "11 класс күндері" аясында мектебіміздің 11"А" класс оқушыларының ұйымдастыруымен "11а_tulekter_2k19" атты инстаграм әлемімен байланысты мерекелік кеш өтті.