"Жастар жалыны"
"Жастар жалыны" атты ГТФ таэквандодан Қостанай облысының ашық чемпионатына қатысқан 8-9 жас айырмашылығындағы 27 келіге дейін салмақ дәрежесіндегі спортшылар арасында бәсекеде Үшінші орынды жеңіп алған 2"Б" класс оқушысы Ерланов Ерасыл батырымызды жеңісімен құттықтаймыз!!!
"Жастар жалыны"
"Жастар жалыны" атты ГТФ таэквандодан Қостанай облысының ашық чемпионатында 6-7 жастағы 23 келіге дейін салмақ дәрежесіндегі қыздар арасындағы бәсекеде Екінші орынды қанжығасына байлаған 1"В" класс оқушысы Ғалел Мерейді айтулы жеңісі мен құттықтаймыз!!!
"Мәңгілік елдің қаласы, Ақтөбем- қазына даласы"
2018-2019 оқу жылы бойынша "Мәңгілік елдің қаласы, Ақтөбем- қазына даласы"атты Ақтөбенің 150 жылдық мерей тойына арналған мектебіміздің ашық есік күндері аясында бүгін мектеп кітапхана бөлімінің ұйымдастыруымен 6-7 класс оқушылары арасында"Алғыралтау"атты интеллектуалды ойын-сайысы өтті.
"Дені сау ұрпақ - ел болашағы"
Қаламыздың 150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттары, Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен бастау алған бүгінгі марафонға мөлтек ауданымызға қарасты №1,17 және 39 мектептері де белсенді қатысып, өзара эстафетаны жалғастырып әкетті.
Облыстық чемпионат
Мектебіміздің 11 "А" класс оқушысы Абылханұлы Ислам жуырда өткен жеңіл атлетикадан Облыстық чемпионатта 10 км және 5000 метр шақырымға жүгіруден 2001 жылғы және одан жоғары жастағылар арасында І-орын алса, бүгін "Ақтөбе " және "Актюбинский вестник" газетінің жүлдесіне арналған жеңіл атлетикалық кроста 3000 метрден 2001 жылғы және одан жоғары жастағылар арасында Бірінші орынды жеңіп алыпты. Білім алушымызды Құттықтаймыз!