Жайнай бер, жарқырай бер Ақтөбе!
Өткен сенбі, 6 сәуір күні "Жайнай бер, жарқырай бер Ақтөбе!" тақырыбындағы эстетика бірлестігі апталығының ашылу салтанаты өтті.
"Ақтөбе мектеп лигасы" турнирі
6 сәуір күні "Қоныс" спорт сарайында футболдан "Ақтөбе мектеп лигасы" турнирі аясында "Дару кубогі" үшін "Астана" және "Алматы" аудандары мектептерінің дене шынықтыру пәні мұғалімдерінен құралған командалар арасында шағын футболдан жарыс өтті.
«Білім кітабы»
Кеше, 5 сәуір күні мектебімізге Бойшаң қуыршақтар театры келіп, театрдың көңілді актерлері балаларға «Білім кітабы» атты қойылымын тарту етті.
ЛИДЕР XXI ВЕКА"
"ЛИДЕР XXI ВЕКА" Халықаралық инновациялық білім беру орталығының ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні Әз Наурызға арналған "Наурыз мейрамы" тақырыбындағы Бірінші Халықаралық сурет және қол өнер байқауында ерекше әсем туындыларын ұсынған төмендегі білім алушыларымыз екінші дәрежелі дипломдармен, ал жетекші-ұстазы грамотамен марапатталды.
"Үздік жас ұстаз - 2019"
Ағымдағы жылдың 29-30 наурыз күндері Алматы қаласында Алматы қаласының Медеу ауданы әкімі аппараты мен "Тәуелсіз ел жастары" қоғамдық қорының бірлесуімен, Жастар жылының аясында "Үздік жас ұстаз - 2019" Екінші Республикалық форумы өткен болатын.
"NEW STARS - 2019"
Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына орай бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған Бірінші Республикалық "NEW STARS - 2019" байқауында "Хореография" жанры бойынша үздік өнер көрсеткен мектебіміздің би тобы Бірінші дәрежелі дипломға ие болды.