"Мәңгілік ел қаласы - Ақтөбем"
Кеше, 22 ақпан күні мектебімізде сүйікті қаламыз - Ақтөбенің 150 жылдық мерейтойына арналған "Мәңгілік ел қаласы - Ақтөбем" тақырыбында мерекелік кеш өтті. Кешке Ақтөбе қаласының ардагерлер кеңесінің мүшесі Муханбеткалиева Бибигуль Қыдырғалиқызы, Қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскерлері Бакешова Айгүл Нартайқызы және Жалғасбаев Нұржігіт Залзерұлы, "Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты бас маманы Бектенгалиев Серік Аскарович сынды құрметті қонақтар шақырылды.
1 наурыз күні, мектебімізге көптен күткен ардақты ардагерлеріміз бас сұқты
1 наурыз күні, мектебімізге көптен күткен ардақты ардагерлеріміз бас сұқты. Олар әрине, Ауған соғысының қаһармандары - Нұрмағанбетов Бауыржан Избасқанұлы және Ереков Бекболат Бектілеуұлы сынды майдангер ағаларымыздың жоғары сынып оқушыларына, салмақты әңгіме, зілді ой, өмірлік естеліктерін ақтарыла айтқан кездесу қонақтары еді.
"ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ"
"ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ" тақырыбында 100 кітап жобасы аясында бастауыш кластар арасында ұйымдастырылған сахналық қойылымдар. Әр сынып білім алушылары бір-бір ертегі қойылымын дайындап, актерлік шеберліктерін дамытты.
"С любовью к Актобе" атты орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің апталығы
Өткен апта қаламыздың 150 жылдық мерейтойына арналған "С любовью к Актобе" атты орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің апталығы болып жарияланған болатын. Сенбі күні аталмыш апталықты қорытындылай мектеп акт залында бірқатар шаралар легі өтті. Атап айтсақ, бастауыш кластың ерекше өнерлі әрі үздік білім алушылары арасында алғаш рет "Лучше всех" кластан тыс тәрбие шарасы ұйымдастырылды.
Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рузани жаңғыру"
Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рузани жаңғыру" бағдарлама-мақаласы аясында мектебімізде мегажоба-"Екі жұлдыз" би алаңы байқауы ұйымдастырылды.