"Ұлы Дала мұрасы"
Жас орындаушылардың және халық аспаптары ансамбльдері мен оркестрлерінің "Ұлы Дала мұрасы" атты Республикалық фестиваль-конкурсына қатысып, үздіктердің қатарынан көрінген мектебіміздің "Домбырашылар" ансамблі орта топ арасында "Ансамбль, оркестр" номинациясы бойынша Екінші орынды иеленді.
"Адалдық дүкені" ашылды
«Адалдық» дүкені адалдыққа шақырады «Адалдық алаңы» жобасы аясында бүгін мектеп қабырғасында "Адалдық дүкені" ашылды. Оның негізгі мақсаты: қандай істе де адал болу, адамдардың бір-біріне деген сенімділіктерін арттыру, жемқорлыққа қарсылық мәдениетін дамыту, адамдыққа тәрбиелеу.
«Жаңартылған білім мазмұнындағы жаңа әдіс-тәсілдерді МИФ сабақтарында тиімді қолдану»
Өткен апта мектебімізде «Жаңартылған білім мазмұнындағы жаңа әдіс-тәсілдерді МИФ сабақтарында тиімді қолдану» атты математика, информатика, физика пәндерінің апталығы аясында ашық сабақтар өтті.
"Абайды оқимыз"
Ағымдағы жылдың 19-сәуірінде №1 Абай атындағы қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен Ақтөбеміздің 150 жылдық мерейтойына орай Ұлы ақын Абай Құнанбаев атамыздың шығармашылығына арналған "Абайды оқимыз" атты мәнерлеп оқу кеші қаламыздағы Абай даңғылы көшесінде өткізілді.
Республикалық "Нұрлы Жастар" өнер байқауына "Хореография" номинациясы
Республикалық "Нұрлы Жастар" өнер байқауына "Хореография" номинациясы бойынша қатысып, жастардың жүрегінде ұлы Отан-анасына деген ұлтжандылығын ұялатып, діліндегі ұлттық рухын оятып үлгілі өнер көрсетіп, ерекше дарындылығымен тәнті еткені үшін Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің тәрбиеленушісі, "Qazyna" би тобының мүшесі әрі мектебіміздің 3"Ә" класс оқушысы Куданова Аяулымды аталмыш додада І дәрежелі лауреат және І дәрежелі дипломант атануымен шын жүректен құттықтаймыз!
«Ғарыш – балалар көзімен» қалалық байқауы
Бүгін Ақтөбе қалалық техникалық шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ғарыш күніне» арналған бастапқы-техникалық үлгілеуден 3-4 класс оқушылары арасында «Ғарыш – балалар көзімен» қалалық байқауында «Көрме» номинациясы бойынша жүлделі 3-орынды жеңіп алған мектебіміздің 3 «А» класс оқушысы Махамбетияр Санджарды құттықтаймыз!!!