"Азаматтық аңсаған ақын" атты портрет сағаты
Ағымдағы жылдың 12-ші наурызы күні мектеп кітапханасы Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасымен бірлесе отырып, "Оқитын өлке" акциясы аясында ақын Сарышолақ Боранбайұлының шығармашылығына арналған "Азаматтық аңсаған ақын" атты портрет сағатын өткізген болатын.
14 Наурыз - Көрісу күні
Таң атысымен «Көрісу» мерекесін асыға күткен әрбір отбасы дастарханын қазақтың құрт, бауырсақ, ақ ірімшік, қызыл ірімшік, сары май, уыз сынды дәстүрлі тағамдарымен көмкеріп, наурыз көжесін дайындап, табалдырығын аттаған әр қонағын жылы жүзбен қарсы алады. Оларға ерекше ілтипат көрсетіп, төріне шығарады, ас ұсынады.
7-8 класс қыз балалары арасында "Көктем Аруы" атты байқауы ұйымдастырылды.
Мектебімізде 8 наурыз көктем мерекесі қарсаңында 7-8 класс қыз балалары арасында "Көктем Аруы" атты байқауы ұйымдастырылды.
«Көктем ғажайыптары» атты қолөнер көрмесі
Кеше мектебімізде 8-наурыз Аналар мерекесіне орай «Көктем ғажайыптары» атты қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде оқушыларымыздың асыл аналарына деген құрмет ылтипаттары өз қолдарымен жасаған еңбектері мен гүл шоқтары арқылы паш етілді. Әр бала ерекше талантты, дарынды!!!
"Ақтөбенің көрікті жерлері"
22 ақпан күні мектептің акт залының дәлізінде Ақтөбенің 150 жылдық мерейтойына арнайы жасақталған ерекше көрмелер ұйымдастырылды. Олар: "Ақтөбенің көрікті жерлері" тақырыбындағы қолөнер бұйымдары атап айтқанда, макеттер көрмесі және "Ақтөбем - әсем қалам, ару қалам!" кітаптар мен құнды басылымдар жинақталған кітап көрмесі еді. Келген қонақтар мектеп басшысымен көрмені тамашалап, балалар өнеріне ерекше тәнті болса, кітап көрмесінен түрлі маңызды баспа басылымдарды көріп таңырқап жатты.